Бұл Офертада Қызметтер көрсету шартын жасасу, атап айтқанда, Платформа арқылы жинақталған ұпайларды «Личная Касса» Электронды Ақша Жүйесін пайдалана отырып, электронды ақшаға айырбастауды жүзеге асыру талаптары қамтылған (бұдан әрі мәтінде – «Қызметтер көрсету шарты» және/немесе «Шарт»). Осы Офертада көрсетілген іс-әрекеттерді орындау осы Офертада сипатталған талаптарда, тәртіпте және көлемде Қызметтер көрсету шартын жасасуға сіздің келісіміңіздің расталуы болып табылады.
Жеке тұлға осы Офертада көзделген және Акцептілеуді, яғни жеке тұлғаның осы Офертаның барлық шарттарын қандай да бір алып тастауларсыз немесе шектеулерсіз сөзсіз қабылдауын білдіретін әрекеттерді орындаған сәттен бастап, Қызметтер көрсету шарты жасалған болып есептеледі және күшіне енеді.
Платформа – атқарымдылығы шеңберінде бонустық ұпайларды жинақтауға мүмкіндік беретін сервис, нақты айтқанда:
1. Qalaisyn сервисі – сауалнамалардан өтуге арналған, https://qalaisyn.kz/ мекенжайы бойынша орналасқан онлайн панель.
2. Aitube онлайн-платформасы – белгісіз адамдар тобына қолжетімді ақпарат пен контентті қамтитын, кез келген тұлғаның оларға сайт және (немесе) қолданба арқылы қолжетімділік алуына мүмкіндік беретін және пайдаланушыларға ақпаратты және контентті жүктеу, орналастыру, көру мүмкіндігін ұсынатын, Интернет арқылы жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешен, https://aitube.kz/ мекенжайы бойынша орналасқан.
«Личная Касса» электронды ақша жүйесі (бұдан әрі - Жүйе) – электронды ақшамен төлемдерді және өзге де операцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдардың, құжаттама мен ұйымдық-техникалық іс-шаралардың жиынтығы.
Өтінім – Платформада жинақталған ұпайларды Жүйеде электронды ақшаға айырбастау үшін Пайдаланушы Операторға жолдайтын электронды өтініш. Өтінім Пайдаланушының Платформадағы жеке кабинетінің функционалы шеңберінде, https://qalaisyn.kz/services-agreement/, https://aitube.kz/terms мекенжайлары бойынша орналасқан Пайдаланушы келісімдеріне (бұдан әрі – Пайдаланушы келісімдері) сәйкес жасалады.
«Личная Касса» электронды ақша жүйесі операторы (бұдан әрі – Оператор) - «Личная Касса» ЖШС Алматы қ., М. Өзтүрік көш. 7, БСН 130940014692, Есеп айырысу шоты KZ87998CTB0000195377, «Jysanbank» АҚ-та, БСК TSESKZKA, ЭАЖ қатысушысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі есептік тіркеу нөмірі № 02-17-008, электронды ақшамен жасалатын операцияларды жүзеге асыру кезінде қалыптастырылатын ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді жүзеге асыруды қоса алғанда, электронды ақша жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді.
Пайдаланушы – он сегіз жасқа толған, іс-әрекетке қабілетті, Платформа пайдаланушысы ретінде тіркелген, сондай-ақ Жүйеде тіркелген электронды әмияны бар жеке тұлға.
«Личная Касса» ЭАЖ шеңберіндегі электронды әмиян (Электронды әмиян) - микропроцессор (чип), дербес компьютердің бағдарламалық қамтылымы, электронды ақша және/немесе оған қол жеткізуді қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтылым сақталатын өзге де бағдарламалық-техникалық құрал.
2.1. Осы Офертаны акцептілеу, оның ішінде осы Офертада көзделген конклюдентті әрекеттерді жасау арқылы Акцептілеу жолымен Пайдаланушы жасайтын Шарттың мәні болып Платформа Пайдаланушысының ұпайларын «Личная Касса» электронды ақша жүйесінде электронды ақшаға айырбастау табылады.
2.2. Пайдаланушы Операторға Өтінім жолдайды, ал Оператор ол Өтінімді осы Шарттың талаптарына сәйкес өңдейді. Жүйеде электронды ақшаға айырбасталатын ұпайлардың минималды саны екі мың ұпайды құрайды. Ұпайлардың теңгеге арақатынасы - бірге-бір.
2.3. Осы Шарттың 2.2 т. сәйкес Өтінім беру Пайдаланушының осы Шартты акцептілеуі болып табылады.
3.1. Оператор төмендегілерге міндетті:
3.1.1. Платформа Пайдаланушысының Өтінімін қабылдау және қарау;
3.1.2. Сәйкестендірілген Пайдаланушының тіркелген Электронды әмиянына Оператор мақұлдаған жағдайда Өтінімге сәйкес электронды ақшаның есептелуін қамтамасыз ету.
3.1.3. Пайдаланушының Электронды әмиянына толықтыруды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы салық заңнамасының нормаларына сәйкес жеке табыс салығын ұстап қалу.
3.1.3.1. Aitube онлайн-платформасының пайдаланушылары үшін салық сомасы Пайдаланушыға тиесілі төлем сомасынан шегеріледі, сәйкесінше төлем сомасы салық сомасына азайтылады.
3.1.3.2. Qalaisyn сервисінің пайдаланушылары үшін салық сомасы Пайдаланушыға тиесілі төлем сомасынан тыс есептеледі, сәйкесінше төлем сомасы салық сомасына азайтылмайды.
3.2. Оператор келесілерге құқылы:
3.2.1. Пайдаланушының Өтінімі дұрыс толтырылмаған жағдайда, сондай-ақ осы Шарт талаптарына сәйкес электронды ақшаға айырбастауға қажетті Платформадағы ұпай санының жеткіліксіздігі кезінде Өтінімді қабылдаудан бас тарту.
3.3. Пайдаланушы осы Шарттың талаптарына сәйкес Өтінім беруге және осы Офертаның 3.1.3 тармағының талаптарын сақтай отырып, Оператор Өтінімді мақұлдаған жағдайда, жинақталған ұпайларды Электронды әмиянға электронды ақша түрінде алуға құқылы.
3.4. Тараптар тиісті Пайдаланушы келісімінде және https://www.kassa24.kz/agreement мекенжайы бойынша орналастырылған «Личная Касса» Электронды Ақша Жүйесін пайдалану туралы Офертада (бұдан әрі – ЭАЖ Офертасы) көзделген басқа да құқықтар мен міндеттерді көтереді.
4.1. Осы Шарттың талаптарын қабылдай (Акцептілей) отыра, Пайдаланушы оның дербес деректерін Оператордың жинауына және өңдеуіне, нақты айтқанда, төмендегілерді қоса алғанда, бірақ онымен де шектелмей: жинау, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, тарату (оның ішінде үшінші тұлғаларға беру), иесіздендіру, бұғаттау, жою әрекеттерін жасауына келісімін береді.
4.2. Дербес деректерді жинау осы Шартты орындау мақсатында, сонымен қатар қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау мақсатында жүзеге асырылады.
4.3. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге берілген осы келісім Оператордың дербес деректерді пайдалануының кез келген жағдайларына, оның ішінде жедел желі/ Call-орталық телефонына алынған Пайдаланушылардың қоңырауларын өңдеу кезінде пайдалануына таралады.
4.4. Оператор Пайдаланушының дербес деректерінің қорғалуын келесі тәсілдермен қамтамасыз етеді:
1) Пайдаланушының дербес деректеріне рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алу;
2) Пайдаланушының дербес деректеріне рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алу мүмкін болмаған жағдайда, ондай фактіні уақытылы анықтау;
3) Пайдаланушының дербес деректеріне рұқсатсыз қол жеткізудің қолайсыз салдарларын азайту.
5.1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына, тиісті Пайдаланушы келісіміне және ЭАЖ Офертасына сәйкес жауапкершілік көтереді.
5.2. Шарт Тараптары өзара міндеттемелерін орындамағаны үшін, егер олардың орындамалуы Шарт күшіне енгеннен кейін туындаған еңсерілмейтін күш жағдайлары әсерінің немесе Шарт жасалғанға дейін алдын алу немесе болжау мүмкін болмаған төтенше оқиғалардың салдары болып табылған жағдайда жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш жағдайлары әсер еткен Тарап аталған жағдайлар туындағаннан кейінгі 10 күннен кешіктірмей келесі Тарапты хабардар етуі тиіс.
6.1. Тараптардың осы Шарт талаптарын орындауы процесінде туындайтын барлық дауларды тараптар ең алдымен туындаған дауларды реттеу тәсілдерін қалыптастыру мақсатында келіссөздер жолымен қарайтын болады.
6.2. Тараптар келісімге келе алмаған мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте соттың қарауына беріледі.
6.3. Осы Шарттың талаптарында көзделмеген жағдайлардың бәрінде Тараптар ЭАЖ Офертасын, тиісті Пайдаланушы келісімін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
7.1. Оператор бұқаралық ақпарат құралдарында немесе Жүйе сайтында өзгертулерді жариялау жолымен Шартқа бір жақты тәртіпте өзгерістер енгізуге құқылы. Өзгерістер, егер оларды жариялау кезінде олардың күшіне енуінің басқадай мерзімі қосымша белгіленбесе, жариялану сәтінен бастап күшіне енеді.
7.2. Пайдаланушы Шарт талаптарын бұзған жағдайда немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да негіздер бойынша Оператор Шартты бұзуға құқылы.
7.3. Пайдаланушы Шарттың барлық талаптары оған түсінікті екеніне кепілдік береді және талаптарды сөзсіз әрі толық көлемде қабылдайды.
7.4. Пайдаланушы осы Шарттың талаптарына сәйкес Платформада жинақталған ұпайларды электронды ақшаға айырбастауға бағытталған әрекеттерді жасаған сәттен бастап Шарт жасалған болып есептеледі.
7.5. Пайдаланушы Операторға жазбаша хабарлама жіберу арқылы Шартты бұза алады. Оператор көрсетілген хабарламаны алғаннан кейін 10 (он) банктік күн өткен соң Шарт бұзылған болып саналады.